Павлодар облысы ТЖ департаменті Ақсу қаласының ТЖ бөлімінің мәлімдеуінше, 2020 жылғы 19 наурыздағы жағдай бойынша 36900 тоннадан астам қар шығарылды.

- Алғабас ауылдық округінде Алғабас ауылының шетін су басуы ықтимал учаскелерде су сору жұмыстары жүргізілуде. Осы елді мекенде 5 мотопомпа жұмыс істейді. Евгеньевка ауылдық округінде Үштерек ауылының Абай, Сәтбаев және Степная көшелері қардан тазартылды. Үш мотопомпа мен бір ТД жұмылдырылды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, - дейді бөлімде.

Сондай-ақ Құркөл ауылының Алтайская, Дөнентаев, Бекжанов және Арғынбаев көшелерінен қар шығарылды.

М. Омаров ауылдық округінде жүк тиегіш жұмыс істеді. Барлық ауылдық округтерде қаптар мен инертті материалдар дайындалды.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам