Ұйымдастырушылар облыс орталығының 100 тұрғынына көмек көрсетті.

- Бұлар көпбалалы және қамтылған отбасылар, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектер, - дейді «Jas Otan»облыстық филиалының төрағасы Ғабит Хафиз. - Көмекке зәру жандарға қайырымдылық қолдау көрсету үшін мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар, қалалық мәслихат депутаттары, волонтерлер мен әртүрлі жастар ұйымдарының бастары бірікті. Контактсыз режимде еріктілер павлодарлық тұрғындарға азық-түлік жиынтықтары мен гигиена құралдары, бетперделер мен сүлгілер әкеп береді.

Өңірде жастар ұйымдары ішінен волонтерлердің мобильдік бригадалары құрылып, олар еуропалық әріптестері секілді қайырымдылық көмекті контактсыз таратуда.

Азық-түлік жиынтығын алған 70 жасар Рахима Шұғайыпова осынау қиын-қыстау кезде жәрдем көрсеткен жастарға алғысын білдірді. Алты немере мен үш шөбере тәрбиелеген ол көмек алғанына дән риза екендігін жасырмады.

Акция 27 наурызға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде 1000 отбасыға қолдау көрсету жоспарлануда.

Айбек Жұматов

pavlodarnews.kz

Тэги: коронавирус, жастар, Волонтер жылы, Нұр Отан, Nur Otan