Бюджетке өзгерістер Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен өткен облыстық мәслихат сессиясында бекітілді. Төтенше жағдай режимінің қолданылуына және өңір экономикасында қалыптасқан жағдайға байланысты өнімсіз шығындардан бас тартып, кейбір жобаларды іске асыруды келесі жылға қалдыру жөнінде шешім қабылданды.

– Жоспарланған оңтайландыру көлемі 3,6 миллиард теңгені құрады, – деп мәлімдеді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев. – Бюджет комиссиясының шешімі бойынша босаған қаражат және қосымша қаржыландыру көздері бірнеше міндетті ұйымдастыруға жұмсалатын болады. Біріншісі-халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету және бағаның өсуіне жол бермеу бойынша тұрақтандыру қорын толықтыру бойынша шаралар қабылданды. Ұн, күріш, қант, күнбағыс майы, көкөніс және тағы да басқа 10 өнім түрін сатып алу жоспарлануда. Бұл мақсатқа бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінеді.

Сондай-ақ бюджет есебінен облыстық маңызы бар төрт мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жабдықталады. Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларының мектептерін жөндеу бойынша 17 жоба әзірленуде. Сондай-ақ жергілікті полиция қызметі үшін жабдықтар сатып алынады. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов атап өткендей, бюджетті оңтайландыру қалыптасқан экономикалық жағдайда тәуекелдерді төмендетуі тиіс.

– Біз жасалған шарттар мен қабылданған міндеттемелерге қарамастан, шұғыл және кепілді өнімді болып табылмайтын жобалар мен іс – шаралардан бас тартамыз, – деді өңір басшысы. – Бүгін соңғы бірнеше күн ішінде өмірлік маңызға ие болып отырған міндеттер тез арада шешуді талап етеді. Бұл сақтаулы қор, азық-түлік қорын қалыптастыру, эпидемияға қарсы шаралар және су тасқынына қарсы іс-шаралар.

Әбілқайыр Сқақов қала және аудан әкімдіктеріне де өз бюджеттерін қайта қарау тапсырылды деп мәлімдеді. Алдын ала есептеу бойынша, жергілікті жерлердегі оңтайландырудың көлемі 1 миллиард теңгеден кем болмайды. Бұл қаражат сондай-ақ халықтың өзекті және маңызды мәселелерін шешуге бағытталатын болады.

Фото: Валерий Бугаев 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: