Облыстық полиция департаментінде коронавирусқа қарсы шаралар қабылдады.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, қызметкерлер бір реттік және қайта пайдалануға болатын маскалармен қамтамасыз етілді. Департамент ғимаратына санитарлық тазартқыштар қойылды. Ал, қызметкерлерге қалта антисептиктері таратылды.

- Дезинфекциялық спрей сатып алдық. Қызмет атқару кезінде жеке құрам бетпердемен болады. Әсіресе қоңырау түсіп, азаматтармен байланысқа түсуге тура келген кезде. Егер ауру туралы факті түссе, обаға қарсы костюм киген полиция қызметкерлері аталған мекенжайға денсаулық сақтау қызметімен бірге барады, - деп толықтырды Жасқайрат Қайыров.

Оның айтуынша, көліктер үнемі дезинфекцияланады, күніне бір рет кеңсе үй-жайларын залалсыздандырады.

Тәртіп сақшылары 16 наурыз күні сағат 8:00-ден бастап күшейтілген жұмыс кестесін енгізді. Қызметкерлер еңбек демалыстарынан келіп, қоғамдық тәртіпті күзетушілер, рейдтерде және облыстың ерекше маңызды объектілерін қорғауда құқық қорғау органдарының қызметкерлері көбейді.

Төтенше жағдай кезінде инспекторлар мемлекеттік нұсқауларды кәсіпкерлердің орындауын тексереді. Егер өңірде коронавирусты жұқтырған немесе осы аймақта пайда болған деп күдіктенсе, полиция үйге немесе арнайы мекемелерге карантинге жатқызылған тұрғындарды бақылайды. Науқастар қашып кетсе, ПД қызметкерлері оларды ауруханаларға мәжбүрлеп әкеледі.

Дулат Райымбек
Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: