Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  ауылшаруашылық басқармасының мәліметінше, азық-түлік дақылдары егілетін аумақ - 43,5%-ға, майлы дақылдардың аумағы - 14,5%-ға, ал картоп пен жемістердің аумағы 7-ға артқан. 

2020 жылы көктемгі-егістік жұмыстарына 3,1 миллиард теңге субсидиялар бөлінген. Бұл қаражат тұқым, пестицидтер мен тыңайтқыштарды алуға жұмсалады. Облысымыздың шаруалары тұқыммен 100,7%-ға қамтылған.

Аймағымыздағы ауылшаруашылық техника егістік жұмыстарына 99%-ға дайын. Шаруаларға арзан бағамен 19,1 мың тонна жанар-жағармай қарастырылған. Оның бағасы 1 литр үшін 159 теңгені құрайды.

 

Фото: Валерий Бугаев

 

pavlodarnews.kz

Тэги: