Белгісіз біреу WhatsApp-та 26 наурыз таңғы сағат 8-ден бастап Павлодар қаласының жабылатыны туралы ақпарат таратқан.

- Қазіргі кезде облыстық полиция департаменті төтенше жағдай кезінде қасақана жалған ақпарат тарату оқиғасы бойынша (ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы) тергеу амалдарын бастады. Сондай-ақ, желіде дыбыстық хабарламаны жазып, таратқан адамның тұлғасын анықтауға бағытталған іздеу шаралары жүргізілуде, - дейді департаментте.

Полиция департаменті тұрғындарға төтенше жағдай кезінде жасалған осындай әрекет үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасын бар екендігін ескертеді.

Осындай фактілерді анықтау үшін полицейлер күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуде.

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk