Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болатындықтан күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түседі, жел күшеюі мүмкін, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Жамбыл, Қостанай, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Бәйдібек ауданында екпіні 25 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: