Білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханованың айтуынша, мектеп мұғалімдері пәндер бойынша қосымша сабақтарды, байқауларға, олимпиадаларға онлайн режимінде қатысу, кітап оқу, ҰБТ-ға дайындық, шығармашылық жобалар бойынша жеке ұсыныстар мен кеңестер береді.

- Сынып жетекшілері оқушылармен және ата-аналармен тығыз байланыста болады. Оқушылардың қызығушылығы бойынша бос уақытын ұйымдастыру жөнінде әңгіме жүргізіліп, кеңестер берілуде, - дейді Балжан Әділханова. - Мысалы, № 20 лицей-мектебінің оқушылары «Қашықтықтан өтетін интернет-олимпиадаға қатысу» атты челленджін іске қосты. Лицей балалары барлық оқушыларды демалыс уақытын бос өткізбей, зияткерлік қабілеттерін дамытуға, түрлі ғылымдар мен пәндер саласында ой-өрісін кеңейтуге шақырады.

№ 21 ЖОМ 9-сынып оқушылары «Барлығымыз қазір әртүрлі кітаптар тізімі танымал екенін білеміз. Кітап тізімін құрайық» атты өз «Букчеллендждерін» іске қосты. 8-10-сынып оқушылары онлайн режимінде Будапешт қаласындағы британдық бейнелеу өнері мұражайы мен Сальвадор Дали мұражайын тамашалады.

Төтенше жағдай кезінде талаптарды сақтау мақсатында білім беру бөлімі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекциямен бірлесіп ата-аналармен және оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен онлайн режимінде интернет конференциялар өткізу жоспарлануда.

Еске сала кетейік, көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 2019 жылғы 16 наурыз - 5 сәуір аралығында және елдегі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты білім беру мекемелері оқушылармен жұмысты қашықтықтан жүргізеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk