- Төтенше жағдай тұрақты бақылауға алынған. Азаматтар тарапынан да белсенділік байқалады. Черное ауылының тұрғыны, ауылдық клуб меңгерушісі Динара Өмірзақова 150 масканы тігіп, ауылдастарына, яғни көп балалы және аз қамтылған отбасыларына, ардагерлерге, дүкен сатушыларына тегін ұсынды,- дейді  Аққулы ауданының әкімдігінде.  

Бесқарағай ауылдық округі имамының отбасы және ауыл тұрғыны Ақмарал Қалибек 100 маска тiгіп, ауылдық мешітте тегін таратты.

Тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына күнделікті 40%-ы тегін беріледі. Сондай-ақ, бетперде дайындау көлемін арттыру жоспарланған. Бұған қоса, дәріханаларда бір реттік пайдаланылатын бетперделер сатылымда бар.

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk