Істі қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сот қарастырып, отырыс бейне-конференц-байланыс режимінде өтті.

2019 жылдың 18 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 62 жасар қарындасына үйінің жанында шабуыл жасалған. Жауапкершілікке «Компания Арк» ЖШС 62 жасар директоры Асхат Тезекбаев пен фирманың 58 жасар қызметкері Игорь Милованов тартылды.

Тергеу амалдарын жүргізу кезінде 2013-2018 жылдары ЖШС директорының қаржылық қиындықтарға тап болып, 360 млн теңгелік несиені өтеу қажеттілігі болғанын анықталды. Қылмыскерлер Гүлфаз Аубанованы ұрлап, ол үшін 200 млн теңге өтемақы талап етуге бел буған. Құқық қорғау органдары анықтағандай, Игорь Миловановқа өз жұмысы үшін 5 млн теңге берілуі тиіс еді.

Қылмыс құралдары алдын ала сатып алынып, үй маңындағы бейнекамералар істен шығарылғаннан соң сыбайластар іске кірісті. Алайда қылмыс құрбанын автомашинаға кіргізіп, алып кету мүмкін болмады - ол қашып кетті.

Сотта Асхат Тезекбаев пен Игорь Миловановқа бопсалауға әзірлену мен адамды ұрлау бойынша айыптар тағылды.

- Асхат Тезекбаевқа максималды қауіпсіз колонияда 13 жыл бас бостандығынан айыру, Игорь Миловановқа максималды қауіпсіз колонияда 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қолдануды тағайындау. Тезекбаевтан Аубанованың пайдасына 4 млн теңге көлеміндегі моральдік шығын және 200 мың теңге материалдық шығынды өтеу, - деп жариялады облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сот судьясы Қадырбек Сатабаев.

Естеріңізге сала кетейік, Гүлфаз Аубанова әр жылдары Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы, Павлодар облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментін басқарды.

Арслан Ғалымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: Даниал Ахметов, Гүлфаз Аубанова, Асхат Тезекбаев, сот, қылмыс, адам ұрлау