Павлодар қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, көмек көрсетілгендер тек АӘК алушылар ғана емес, сонымен қатар көп балалы, аз қамтылған, мүгедектер, жалғызбасты аналар және жалғыз тұратын зейнеткерлер қамтылады.

- Павлодар қаласының кәсіпкерлері қала әкімдігімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізуде, - дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Гайнель-Хаят Машрапова. - Бұл шаралар төтенше жағдай кезінде азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған. Бүгін кәсіпкерлеріміз бөлген картоп үй-үйлерге жеткіздік.

Сондай-ақ, «Қамқорлық» айлығы аясында 11 мыңнан астам азаматқа, атап айтқанда, көп балалы, толық емес отбасылар, жалғыз тұратын қарт адамдарға жалпы сомасы 22 миллион 859 мың теңгеге көмек көрсетілді. Олар ақшалай төлемдер, сондай-ақ азық-түлік жиынтығы мен гигиена құралдарын алды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Көмек ретінде бір қап картоп алғандардың бірі – көпбалалы ана Ира Велак.

- Мен алты баланың анасымын, - дейді Ира Велак. - Біздің бақшамыздағы картоп әрқашан маусым аяғына дейін жетпейді. Хабарласып, картоп әкелеміз дегенде өте таңқалдым және қуандым. Бұл үлкен көмек. Енді картопқа шығындалмайтын боламыз.

Айгүл Жүсіпова 

Фото: Павлодар қаласы әкімдігінен

pavlodarnews.kz

Тэги: