- Бизнес-бастау бағдарламасы шеңберінде грант алған Федоровка ауылдық округіндегі «Құсайынов» ЖК аудан тұрғындарын медициналық маскамен қамтамасыз етуде белсене атсалысуда. Сонымен қатар, ауданымыздың тігін саласындағы басқа кәсіпкерлері де осы бағытта жұмыс жасауда, - дейді аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қайрат Алтаев.

«Бизнес-бастау» бағдарламасы шеңберінде грант алған Песчан ауылдық округіндегі «Раисов», «Сейтқали» ЖК аудан тұрғындарын медициналық маскамен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, тігін саласындағы басқа кәсіпкерлері де осы бағытта жұмыс жасауда.

- Кешегі күні 1125 медициналық маска тігіліп, тұрғындарға таратылды, - дейді бөлім басшысы. Бұл жұмысты бүгінгі күні жаппай қолға алған «Құсайынов», «Сейтқали», «Раисов» жеке кәсіпкерлігіне алғыс айтамыз. Тереңкөл ауданы бойынша жалпы күніне 1000-нан астам медициналық маска тігу жоспарланып отыр.

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk