Баспасөз мәслихаты кезінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмайылов айтқандай, облыс тұрғыны коронавирустық инфекцияны Нұр-Сұлтан қаласында жұқтырған.

- 27 наурызда Павлодар облысының 1988 жылғы тұрғынында коронавирус инфекциясы анықталды, - деді Біржан Досмайылов. – Ер азамат бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан адаммен байланысқа түскен. Пациент бекітілген алгоритмге сәйкес инфекциялық госпитальге жатқызылды.

Біржан Досмайыловтың айтуына қарағанда, қазіргі уақытта науқастың жағдайы қалыпты. Температурасы тиісті деңгейде.

Ер азаматпен байланысқан адамдар анықталып, осыған қатысты қажетті іс-шаралар қолданылды.

Айбек Жұматов

Фото: Ольга Бугаева архивтен және Өңірлік коммуникациялар қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk