Бүкіл аумақтық мемлекеттік органдар мен оларға қарасты ведомстволар, заңды тұлғалар жұмыс күнін барынша қысқартуы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ олар ғимаратқа күніне кем дегенде екі рет дезинфекция жасап, тазалау арқылы өз жұмыскерлерінің және клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.
Одан бөлек, дәріхана, дүкен және медициналық мекеме сияқты өзге де ұйымдардың кіріп-шығатын есігінің маңында санитайзер орнатылады.

«Ғимарат ішінде адам санының көп болмауына мән берілгені дұрыс. 20 шаршы метрде бір адамнан артық жүрмеуге тиіс. Мекеменің ішінде де, сыртында да адамдар арасындағы қашықтық екі метрден кем болмасын. Кезекте бес адамнан артық тұрмауын қатаң қадағалау керек. Ғимараттың ішіне арнайы қорғаныс құралынсыз (медициналық маскасыз) кіргізбесін» делінген Алматыда карантин режимін күшейту жөніндегі қосымша шаралар тізімінде.

Еске сала кетейік, бүгін түнгі сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі күшейді.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: