Аталмыш білім беру мекемесі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «GlosChemistry» қосымшасын химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары, химия пәнінің мұғалім-эксперті Ирина Бабич, ағылшын тілі мұғалімі Әлия Баратова және 11сынып оқушылары Тұрлыхан Тоқтағанов, Бекболат Азамат және Елжан Еркебұлан әзірлеген. Оның негізгі мақсаты - химия курсының ағылшын тіліндегі мазмұнын оқытуға көмектесу.

«GlosChemistry» таңдалған химиялық терминнің айтылуын және оның тіл тасымалдаушысымен айтылған анықтамасын оқуға және тыңдауға мүмкіндік береді.

- Электронды тауар органикалық, бейорганикалық, математикалық химия курсының 16 тақырыбы бойынша 350-ден астам терминнен тұрады. «Сlassroom management» бөлімі мұғалімге сыныпта білім алушылардың қызметін басқарудың пайдалы фразалар қорын кеңейтуге көмектеседі. Ұстаздарға арналған барлық пайдалы фразалар тақырыптар бойынша ұйымдастырылған. Онда оқушылармен сәлемдесуден бастап, үй тапсырмасын беруге дейін қамтылып отыр. Сөздікті біздің шетелдік химия мұғалімі Шерин Смит пен ағылшын тілі мұғалімі Әлия Баратова оқып берді, - дейді химия мұғалімі Ирина Бабич.

Бірінші болып өнертабыстың пайдаланған Ирина Михайловнаның 11 сынып оқушылары болды. «Карантин күндерін пайдалы өткіземіз!»- деген ұранмен оқушылар өткен тақырыптарын қайта пысықтап қайталауда таптырмас сөздік болып отыр.

Қосымша өте ыңғайлы және көңілге қонымды интерфейсімен ерекшеленеді. «GlosChemistry» қосымшасын (android) мына сілтеме бойынша https://drive.google.com/file/d/1yR5ToWMrbKlr57yV2VGZD_UcYK-TCpfZ/view?usp=sharing  көшіріп алуға болады.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам