«Каустик» АҚ өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Владимир Рагулин зауыттың бүкіл республиканы препаратпен қамтамасыз ете алатындығын, ал Павлодар қаласы үшін артығымен жететінін айтады.

- Біздің кәсіпорында шығарылатын өнімдердің бірі - натрий гипохлорит, - дейді Владимир Рагулин. -  Бұл - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ауруларды бақылау Еуропалық орталығы ұсынған тиімділігі жоғары әрі қожетімді дезинфектант. Дезинфекциялауға ерітінді алу үшін концентратты 180 рет сұйылту керек. Қандай вирус болғанына қарамастан, оның ДНК-сын жояды. Өнім сертификаттаудан өткен және рұқсат беретін барлық құжаттары бар. Тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген.

Бөлім басшысының айтуынша, қажет болған жағдайда кәсіпорын тәулігіне 52 тонна, ал республиканың қажеттілігін өтеу үшін жылына 3000 тоннаға дейін шығаруға қауқарлы. 

Зауыт натрий гипохлориттің 250 тоннасын Алматыға тегін жөнелткен. Сондай-ақ, Павлодарға 60 тонна жеткізген.

Еске сала кетейік, елімізде төтенше жағдай режимі туралы жариялаған сәттен бастап подъездерді дезинфекциялау күнделікті атқарылады. Бүгінгі таңда 70 шақты үй өңделген.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Светлана Воронова

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk