Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Дана Балтабаева бетперде тапшылығы мәселесі аудан тұрғындарының, мектеп ұстаздары мен жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен шешімін тауып жатқанын айтады.

- «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясын қолдаған азаматтар балалар мен үлкен адамдарға, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларына бетперделерді тегін тігіп таратып беруде, - дейді Дана Балтабаева. - Бүгінгі күннен бастап құны 90 теңгелік бетпердені Көктөбе ауылы, Қазыбек би көшесі, 28-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Фармасем» ЖШС-ның дәріханасынан алуға болады. Белең алған коронавирус дертінен сақ болу үшін тұрғындардан жеке бас гигиенасын қатаң сақтауды сұраймыз. Тұрғылықты үйден шықпаудың маңыздылығы мен далаға шығу қажет болған жағдайда бетперде киюді әдетке айналдыру керек екендігін еске саламыз.

Сонымен қатар Май ауданының шағын және орта бизнес объектілерінің мониторинг тобы азық-түлік бағалары мен вирустан қорғауға арналған сақтық шараларының іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында рейдтік шаралар өткізді.

Барлық дүкендерде вирустан қорғауға арналған  сақтық шаралары ескертіліп, қадағалауға алынған.

Антисептикалық заттардың  болуы, дүкенде қызмет етушілердің  маскалар киіп қызмет көрсетуі тиіс екені ескертілген.

Фото: Май ауданының ішкі саясат бөлімі

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk