Қала әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сенбі күні өткізілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі кейбір тұрғындар тарапынан қазіргі эпидемиялық жағдай аясында қауіпті болуы мүмкін деген пікір қалыптастырған.

- Сондықтан санитарлық шаралардың қатаң сақталып, барлық сатып алушыларға бетперделердің таратылғанына және жәрмеңке жұмысының қысқартылған кестесіне қарамастан, жәрмеңкенің қызметі тоқтатылды. Жағдай тұрақты бақылауда. Орын алып жатқан өзгерістерге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз!, - дейді қала әкімінің баспасөз қызметінде.

Жеткізу мерзімдері жайлы әкімдіктің инстаграм әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында қосымша хабар таратылады.

 

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk