Қала әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, марапаттар мен құттықтауларға Инна Климкина, Елена Нейман, Лилия Саурбаева, Динара Рахметова ие болды.

– 6 бала тәрбиелеп отырған Динара Рахметова, Елена Нейман мен Инна Климкинаға  «Күміс алқа» алқалары табыс етілді. Отбасындағы ең кішілері – 1 және 2 жаста. «Алтын алқа» белгісімен 7 бала тәрбиелеп отырған Лилия Сауырбаева марапатталды. Сауырбаевтар отбасының ең үлкен баласы - 17 жаста, ал ең кішісі бір жыл бұрын дүниеге келген, – дейді әкімдікте. 

 Фото: Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам