Облыстық экономикалық тергеу департаментінің мәлімдеуінше, жергілікті сот оны кінәлі деп таныған. Аудандық жалпы орта білім беру мектебінің есепшісі 2017 жылдан 2018 жылға дейінгі уақытта 7,9 млн теңге көлеміндегі бюджеттік қаражатты ұрлағаны анықталды.

- Ақтоғай аудандық сотының үкімімен ол ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлігі, 1-тармағына (Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ірі көлемде ысырап қылу) сәйкес, кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеумен жазаланды, - деді департаментте.

2020 жылдың 13 наурызында сот үкімі заңды күшіне енді.

Арслан Ғалымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: бюджет, Ақтоғай, сот, мектеп, білім беру, қылмыс