ҚР Президентінің «ҚР төтенше жағдайды енгізу» туралы Жарлығына сәйкес, арнайы топ санитарлық-ағарту жұмыстарын өткізуге бағытталған.

Жұмыс топтары күн сайын кәмелетке толмағандар мен студенттердің далада бос жүрмеуін қадағалап, тұрғындардың арасында КВИ бойынша ақпарат беріп жүреді.

- Сонымен қатар Майқайың кенті бойынша қазіргі таңда 150 дана маска тегін таратылды, - дейді аудандық ішкі саясат бөлімінде. – Бірінші кезекте қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, көп балалы отбасыларға, жағдайсыз, аз қамтамасыз етілген, жұмыссыз қалған отбасыларға, толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушыларға, зейнеткерлерге, жүкті әйелдерге берілді.

Үй жағдайында маскалар тігу ұйымдастырылып, олардың барлығы да мұқтаж жандарға ұсынылатын болады.

Таратылған маскаларды жуып, үтіктеп, қайта қолдануға болады.

Майқайың кентінің балалар өнер мектебі мен №1 мектебі бастаған #қайырымдылық эстафетасын жалғастыруға кент тұрғындарын, кәсіпкерлер мен тігіншілерді шақырады.

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk