Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Сoronavirus2020 сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам тiркелді, Алматы қаласында - 3 адам, Қызылорда облысында - 3 адам, Ақмола облысында - 3 адам.


"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 9 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 6 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 5 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 293 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, қазіргі уақытта Қазақстанның алты қаласы карантинге жабылып, Ақтауда ерекше жағдай енгізілді. Алты қала тұрғындарының үйден шығуына тыйым салынды, тек азық-түлік, дәріхана, банк қызметтері мен жұмысқа баруы үшін шыға алады. 30 наурыз сағат 00:00-де Қазақстанның алты қаласы: Атырау, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай карантинге жабылады делінген еді ресми хабарламада.

pavlodarnews.kz

Тэги: