Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 29 наурыз күні кешкі 23:08 сағатта орын алды.

- Көмекке шақырған ер адамға көмек беру үшін полицей бірден мұздай суға қойып кетті, - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. - Тәртіп сақшысы 36 жасар ер адамды жағаға шығарып, жедел жәрдем шақырды. Медиктер тез арада жетіп, зардап шеккен адамға көмек көрсетті.

Полицейлердің айтуларынша, 36 жасар Павлодар тұрғыны қыз жолдасымен ұрысып қалғаннан кейін мұндай қадамға барған. Айта кетейік, Павлодар облысының полицейлері ойланбастан жасаған әрекеттерден талай адамдарды аман алып қалды.

Арслан Ғалымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: полиция, құтқару, Ертіс өзені, су