«Үш тілді білім беруді енгізуге жауап ретінде пәндік-тілдік интегралды оқыту (CLIL): мұғалімдердің пікірі, тәжірибесі, шақырулары мен пікірлері» атты ІІ сырттай қалалық ғылыми-практикалық конференциясындағы «Таратуға лайықты идеялар» бағытының мақсаты - жаңа идеяларды, озық тәжірибелерді стандартты емес түрде танымал ету, жұмыс тәжірибесімен алмасу болып табылады. Сондай-ақ үш тілде білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтарға әдістемелік көмек көрсету.

- «Көптілді тұлғаны оқыту, тәрбиелеу - уақыт талабы, үш тілде оқытудың тиімді жолдары» бағытында мұғалімдер «Үш тілді оқыту бағдарламасы аясында ағылшын тілі пәндерін және ЖМБ пәндерін оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдері», «Критериалды бағалау жүйесі аясында оқушылардың тілдік және пәндік құзыреттіліктерін бағалау және сыныптан тыс іс-шаралар, элективті курстар, арнайы курстар арқылы үш тілді оқытуды қолдау» мәселелері бойынша баяндамалар жасады, - дейді қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова. - Үш тілді білім беруді енгізу мәселесінде физика, химия, биология, информатика мұғалімдері, сондай-ақ қазақ, ағылшын тілі, тарих, география пәндерінің мұғалімдері өздерінің пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті.

Баяндамаларды, мақалаларды Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскерлері тиісті өлшемдер бойынша қарастырды.

Балжан Әділханова жеңімпаз мұғалімдер өздерінің жұмыстарын қалалық және облыстық тамыз педагогикалық оқуларына ұсынатынын атап өтті. Сонымен қатар, баяндамалар II қалалық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша материалдар жинағында жарияланады және Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сайтында орналастырылады.

pavlodarnews.kz

Тэги: