-   Коронавирустық инфекцияның таралуы жағдайын ескере келе, халыққа жан-жақты көмек көрсету мақсатында өңірдің барлық ауылдарында «Біз біргеміз!» республикалық акциясы өтіп жатқаны белгілі. Жергілікті кәсіпкерлер мен меценаттардың қолдауымен мұқтаж отбасылар мен қоныс аударушыларға азық-түлік пакеттері және бірінші қажеттіліктегі тауарларды жеткізу ұйымдастырылды, - дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлсара Кокина.

Бүгінгі күнге дейін аталған көмекпен 100-ден астам адам қамтылған.

Ел басына күн туған кезде бір болып жұмылғанда көптеген қиындықты жеңуге болатындығын білетін ауыл азаматтары қайырымдылық шарасы жалғасатындығын айтуда.  

Фото: Май ауданының ішкі саясат бөлімі

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk