«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының мәлімдеуінше, қазақстандықтар коронавирусты жұқтырғаны расталған жағдайдан кейін халық арасында алаңдаушылық айтарлықтай өсті. Осындай маңызды кезеңде ағзаңызды мүмкін болып қалатын жұқтырудан сақтану және алдын алу үшін барлық шараларды қабылдау қажет.

Бұрын әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына күніне шамамен 1500-2000 қоңырау келіп түссе, ал қазір олардың саны 3 есеге артып, күніне 6 мыңға дейін жетті. 1406 байланыс орталығының операторлары халыққа денсаулығын нығайту және өзінің ағзасын қорғау, күдікті симптомдар байқалғанда әрекеттер жасау бойынша кеңес беру дайындығынан өтті.

- Байланыс орталығы қажетті алдын алу шаралары және вирустан қорғану бойынша кеңес беру үшін жұмыс істейді. Операторлар сонымен бірге, сырқаттанып қалған кезде қайда бару керектігін, қандай симптомдарға назар аудару керектігін, анализдерді қайда тапсыруға болатындығын түсіндіреді, - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ тың Павлодар облысы бойынша директоры Нұрлан Қасымов.

Оның айтуынша, Үкімет пен уәкілетті органдар қабылдап жатқан халықты қорғауға бағытталған шараларға түсіністікпен қараған жөн. Қоғамдық орындарға бару өз денсаулығыңызға ғана емес, жақын адамдарыңызға да қауіп төндіретінін түсіну керек. Әр азамат саналы түрде дәрігер ұсынымдарын орындау қажеттілігін түсіндіруі тиісті.

Естеріңізге сала кетейік, өз сұрақтарыңызды 1406 операторларына Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы да жолдауға болады. Хабарламаға тіркеу нөмірі беріледі, содан кейін сіз өзіңіздің жеке кабинетіңізде оның мәртебесін тексере аласыз.

Фото: ашық дереккөзден

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk