Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Қазақстан бойынша осымен екінші адам індеттен қайтыс болып отыр.

Пациент 50 жаста болған, 2020 жылы 21 наурызда жедел медициналық жәрдем бригадасы арқылы ауруханаға жатқызылды.

Бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іс-сапарлармен байланысты болған. Отбасы мүшелері мен жұмысындағы қызметкерлерден тұратын жақын байланыста болған барлық 31 адам ауруханаға жатқызылды. 55 ықтимал байланысқан адамға үй карантині белгіленді.

Бұдан кейін отбасы мүшелерімен жақын араласқан екі адамнан коронавирус инфекциясы тіркелді.

pavlodarnews.kz

Тэги: