Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде  аталмыш ведомство басшысының м. а. Зәмзагүл Досжанова мәлім етті.

- Өңірде коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында эпидемияға қарсы алдын алу шаралары күшейтілді, - дейді Зәмзагүл Досжанова. - Кинотеатрлар мен театрлардың, балалар ойын алаңдарының жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ адамдар көп шоғырланатын орындарға баруға тыйым салынды. Отбасылық салтанатты кештер мен еске алу шараларын өткізуге болмайды. Тәулік бойы мамандар шекарадан өткен азаматтардың арасында сауалнама өткізеді, тепловизордың көмегімен мемлекеттік шекара арқылы өткен адамдардың температурасы тексеріледі. Өткір вирустық респиараторлық инфекция симптомдары мен басқа да клиникалық белгілер анықталған жағдайда жедел жәрдем шақыртылады. Сол жерде аумақтық аудандық аурухананың мамандары жұмыс істейді. Павлодарлықтарды қоғамдық орындарға бармауға және сағат оннан кейін ешбір себепсіз үйден шықпауға шақырамыз.

Спикердің айтуынша, тамақтану орындары мен сауда орындарында ғана емес, қоғамдық көліктер мен адам көп жиналатын орындара, подъездерде, аялдамаларда тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында дезинфекциялық шаралар күшейтілді. Ірі сауда нүктелері жұмыс уақытын сағат оннан кешкі алтыға дейін қысқартты және санитарлық талаптарды күшейткен.

Қызметкерлер жұмыс кезінде бірреттік маскаларды қолданады. Кем дегенде үш сағатта бір рет ауыстырып отыруы керек және үстелдер мен орындықтар арнайы дезинфекциялық құралдармен өңделеді. Сағат сайын тазалау жүргізіледі. Өткір вирустық инфекцияға шалдыққан адамдар жұмысқа жіберілмейді.

- Сауда нүктелерінде бес адамнан асатын үлкен кезекке жол берілмейді, - деп атап өтті Зәмзагүл Досжанова. - Олардың арасындағы қашықтық бір метрді құрауы керек. Күшейтілген режим қоғамдық тамақтану орындарына да қатысты. Келушілердің саны бір мезетте елу адамнан аспауы тиіс. Осыған ұқсас талаптар сән салондары мен ательелер сияқты қызмет көрсету орындарына да қатысты. Минимаркеттер қалыпты режимде істейді. Дегенмен үлкен кезектерге жол берілмейді. Скверлер мен саябақтарда, сауда орындары мен кәсіпкерлік нысандарында, аялдамалар мен тұрғын үйлердің подъездерінде дезинфекциялық шаралар жүзеге асырылады.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk