Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. «Өткен бейсенбіден бастап Астанада полицейлермен бірге жолдарда Е-айыппұл жүйесін тестілеуден өткізіп жатырмыз. Комитет тарапынан даярланған аталған жүйе полиция қызметкерлерін қағазбастылықтан  босатуға негізделген. Комитет прокурорлары полицилейлермен бірге қаланы бірге аралап, планшеттердің жұмысын бақылап жүр. Осы орайда жүйенің жұмысы егжей-тегжейлі тексерілуде», - деп жазды Б. Мусин.

Планшет көмегімен полицейлер айыппұл жазумен қатар, ЖСН арқылы жүргізуші туралы барлық қажетті мәліметтерді, яғни көлік пен құқық бұзушылықтар туралы және басқа да деректерді жылдам анықтай алады. Бағдат Мусиннің сөзіне қарағанда, полиция қызметкерлері жаңа жүйені тестілеу барысында кейбір түзетулерді енгізу жайында өтінім білдірді.

Мәселен, егер де жол ережесін бұзушы электронды хаттамаға қол қоюдан бас тартса, онда фактіні нақтылау үшін куәгерлерге арналған арнайы жолақты енгізу қажет. «Жалпы, жүйе жақсы жұмыс істеп тұр. Болашақта планшетті пайдалана отырып, техникалық байқаудың және сақтандыру полюсінің бар немесе жоқтығы тексеріледі. Осы арқылы, жүргізуші тексеруге тек жүргізуші куәлігін және жеке куәлікті (қажет болған жағдайда) ғана ұсынады, ал қалған мәліметтерді полицейлер планшеттен көре алады», - деді ол.  



pavlodarnews.kz