- М.Катаев атындағы оқушылар сарайында өткен кастингке 7-13 жастағы 200-ден аса бала қатысқан болатын. Нәтижесінде Ақсу қаласының балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушісі, № 8 мектептің 6-сынып оқушысы Анастасия Михайлюк Павлодар облысы атынан ән додасында бақ сынайды. Бұл конкурста Настяның тәлімгері қазақстанның атақты әншісі Жұбаныш Жексенұлы болып табылады. Біз Настяға сәттілік және Мерхат Жылқыбаев пен Мария Затварницкаяның жеңісін тілейміз, - деді облыстық білім беру басқармасы тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Самал Қадырова.

Анастасия бала кезінен шығармашылыққа еліктеп, мектептің «Волшебный сундучок» театрландырылған үйірмесіне қатысады. Бұдан басқа, ол Жанна Карсенованың басшылығымен балалар шығармашылық үйінің «Мерей» вокалдық үйірмесіне қатысады.

Күзде әр облыстан 16 үздік бала ұлттық «Бөбек» орталығында есігін айқара ашатын «Бала дауысы» музыка мектебінде оқытудан өтеді. Мұнда балалар сольфеджио, хореография, актерлік шеберлік сабақтарын алады және конкурстың финалдық бөлігіне дайындық жүргізеді.

Еске салайық, 2016 жылғы «Бала дауысы» байқауында Мерхат Жылқыбаев пен Мария Затварницкая жеңімпаз атанған болатын. Оларға Париж қаласына жолдама ұсынылды.

2017 жылғы 27,28,29-қазанында «Алматы» мұз аренасы сахнасында аса күрделі супер-финал өтеді.

«Бала дауысы-2017» жеңімпазын кәсіби қазылар алқасы және СМС-дауыс беруге қатысатын телекөрермендер анықтайды.

pavlodarnews.kz