- Басты мақсат - облыс аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу. Аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған белгіленген шаралар аяқталғанға дейін азаматтардың қоғамдық орындарда, соның ішінде қоғамдық көліктермен жүруі уақытша шектеледі, - дейді қала әкімінің баспасөз қызметінде.

Жолаушылар ағынының төмендеуін ескере отырып, қалалық автобус маршруттарының қозғалысы сағат 06:30-дан 20:00-ге дейін шектелетін болады.

Сағат 20.00-ден бастап күн сайын маршруттың соңғы аялдамасынан қарсы бағытта тиісті маршруттың кезекші автобусы соңғы рейсті жүзеге асырады.

 

Фото: ашық көздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk