Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Тасыған су аумақтардан бірте-бірте кетіп жатыр. Облыс орталығында Кожзавод пен Заречный кенті қатты зардап шеккен. Қазір облыс бойынша 100 үй су астында тұр, оның 70-і Кожзаводта орналасқан. Өткен тәулікте Есіл өзеніндегі судың деңгейі 13 сантиметрге төмендеді. Таяу күндері оның деңгейі айтарлықтай төмендейді. Облыстық мәслихат хатшысы Владимир Бубенконың ақпараты бойынша, комиссия Петропавлдағы 52 үйді тексерді. Залал туралы алғашқы мәліметтер сәрсенбі күні шығады. Қызылжар ауданы Тепличное кентінде осы демалыста сулар айдалып, 27 үй тексеруден өтті. Құмар Ақсақалов су тасқынынан зардап шеккен солтүстікқазақстандықтарға көмек көрсетуді тапсырды.



pavlodarnews.kz