Бұл туралы Мемлекет басшысы мәлімдеді деп 24.kz тілшісі жазды.

«Енді 42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын.

Соған орай, бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады.

Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі.

Жалпы, 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі», - деді Тоқаев.

Президент тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейетіндігін де айтты:

«Атап айтқанда, мұндай көмекті мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да иеленеді.

Тегін азық-түлік сегіз жүз мыңнан астам адамға беріледі».

pavlodarnews.kz

Тэги: