Бұл туралы Баянауыл ауданы ішкі саясат бөлімі мәлім етті.

-    Барша баянауылдықтарды қазіргі қауіпті жағдайда сабырлы болуға шақыру мақсатында аудан көшелерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деді ішкі саясат бөлімінде. – Тұрғындардың арасында сақтық шараларын күшейту, жақындарының өміріне жауапкершілікпен қарап, үйде болу және балаларын қатаң қадағалау керектігі жайлы айтылды.

Аудандық ішкі саясат бөлімі ең маңыздысы – адам өмірі екенін естен шығармауды атап өтті.

-    Коронавирус індетінің алдын алу және кең таралып кетпеуі үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жан-жақты жасалуда. Біз бірге болып, Мемлекет басшысының Жарлығына құлақ асып, бұл қиыншылықты жеңіп шығамыз! Мұның барлығы өтпелі!, – деді ішкі саясат бөлімінде.

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk