Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.  Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов өзінің Facebooк-тегі парақшасында хабарлады.  Бір жыл бұрын қазақстандық отбасы үш баласымен Дубайға келіп, жергілікті серіктестердің қолдауымен дәмхана ашады. Бизнестің дамымауының салдарынан қазақстандықтар кафені жалға берушіге 180 мың дирхам немесе 50 мың доллар сомасында қарыз болып қалады. Ғимараттың иесі ақшасын қайтару үшін сотқа шағым түсіреді.

Отандастарымыздың қызының науқастануына байланысты Дубайға көшуге мәжбүр болғандығын атап өткеніміз жөн. Ыстық құрғақ климат бүлдіршіннің сауығуына ықпал етеді. Отанынан жырақта жүрген қазақстандықтар көмек сұрап, Қазақстанның консулдығына келеді. «Бұл іске дипломаттарымыздың араласуымен, алғашқыда бұл сома екі есе қысқартылды, кейін бас консулдың ғимарат иесімен жеке кездесуінің арқасында біздің отандастарымызға ешқандай шағым білдірмейтіні туралы келісім жасалды.

«Сізге және сіздің еліңізге деген құрмет үшін», деп түсіндірді өз шешімін ірі дубайлық бизнесмен», - деп жазды А.Жайнақов.

Қазақстандық Дубайда қиын жағдайға тап болғанда көмектескені үшін Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахмановқа алғыс хат жазды. «Отанымыздан алыста жүрсек те, қолдау көрсетіп жатқандарыңыз үшін қуаныштымыз», - деді ол.



pavlodarnews.kz