Қалалық білім беру бөлімі хабарлағандай, сапар барысында Қарағанды облысының білім беру басқармасы павлодарлық делегацияға мамандандырылған мектеп-интернаттарының, мектепке дейінгі мекемелерінің, жалпы орта мектептерінің, колледждердің жұмыстарын көрсетіп, тәжірибелерімен алмасты.

- Сегіз білім мекемесіне сапар барысында мамандандырылған мектептердің «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесіп, инновациялық технологияларды, робот техникасын еңгізу бойынша бірлескен жұмыстар көрсетілді. Мектепке дейінгі мекемелерде жеке серіктестіктерді еңгізу жұмыстары назарға ұсынылды. Жалпы орта мектептерде Bilimal.kz платформасында электрондық журналдарды еңгізу жүйесі қолға алынған, ауылдық мектептерде шағын жинақтық мектептерге көмек көрсету үшін тірек ресурстық орталықтары қызмет атқарады. Колледждерде техникалық-құрылыс мамандықтары бойынша инклюзивті оқыту формасының жобалары таныстырылды. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға мамандық алу үшін жасалынған жағдайлар туралы сөз қозғалды, - деді білім бөлімінде.

Делегация Қарағанды лагерінің аумағында орналасқан саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбандарын еске алу мақсатында құрылған Долинка кентіндегі мұражайға барып қайтты.

Еске салайық, осыдан бірнеше апта бұрын қарағандылық оқытушылар Павлодарға дәл осындай жұмыс сапарымен келген болатын.

pavlodarnews.kz