Бүгінгі таңда келіні Гүлжар Жапбасовамен бірге ұлттық ою-өрнектермен безендірілген құрақ көрпе, қыз жасауы бойынша тапсырыс қабылдап, жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Осыдан екі жыл бұрын «Атамекен» ҰКП  арқылы 240500 теңге көлемінде грантқа ие болған.

- Анам бұған дейін балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген болатын, - дейді Гүлжар Жапбасова. – Кейін өзіміздің жеке ісімізді дамыту туралы ой пайда болды. Осылайша мен де «Жас кәсіпкер бағдарламасына қатысып, 505 мың теңге грантқа қол жеткіздім. Әлемде орын алған жағдайда біз де өз тарапымыздан қоғамға үлесімізді қосу мақсатында тегін шеберлік сағатын өткізуді жөн көрдік. Әзірге он шақты адам қатысты. Кейде видеосын телефон арқылы жіберуді сұрап жатады. Қандай да бір сұрақтар  туындап жатса, ақыл-кеңес беруге дайынбыз. Көбі дайын бетперде алғанды жөн көреді.

Қолөнершілер былтыр ақпан айынан бастап «Достық» базарының ішінен орынды жалға алып келеді. Болашақта «Нұр-Ами» ательесі жер телімін алып, жеке орынжай тұрғызуды жоспарлап отыр.

 – Жастардың арасында түрлі өрнектермен безендірілген, есімдері жазылған маскаларға сұраныс болады, - дейді «Жас кәсіпкер» жобасының қатысушысы. – Алайда  ол үшін арнайы  құрал-жабдықтар керек. Бұған қоса, уақытты талап етеді. Маска тігудің үлгісін инстаграм желісінен  көруге болады немесе WhatsApp арқылы жібере аламыз. Қазіргі таңда күніне 100-ден астам маска дайындаймыз.

«Нұр-Ами» тігін шеберханасынан шыққан қыз жасауы, камзолдар мен орамалдар арнайы тапсырыспен Екібастұз, Нұр-Сұлтан және Теміртау қалаларына дейін жөнелтілген.

Маска жасау бойынша тегін шеберлік сағатына қатысуға ниет білдірген жандар болса,  8(702)-179-82-10 нөміріне хабарласа алады.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: «Ақсу жолы» газетінен

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk