Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, сәуірдің бірінші күні павлодарлық өрт сөндірушілер төрт рет жанып кеткен шөптерді сөндіруге шыққан.

- Сағат 12: 30-да «Яблонька» бағбаншылығына шақырту келіп түсті. Сонымен қатар төрт учаске аумағында ағаш шаруашылық құрылыстары, құрғақ шөп және жалпы көлемі 0,25 га ағаш дуал жанған. Шығын көлемі анықталуда. Өртті сөндіруге бес қызметкер мен екі техника жұмылдырылды. Өрт 14: 45-те ауыздықталды, 30 минуттан кейін жойылды, - дейді департаментте.

«Здоровье» бағбаншылығы маңында, Омбы трассасы бойындағы ашық аумақта құрғақ шөп өртенді. Тілсіз  жауды ауыздықтауға сағат 15:01-де бес қызметкер мен бір техника жұмылдырылды.

Сағат үште өрт сөндіру бригадасы «Клен» бағбаншылығында Сливовая көшесі, 92 бойынша шықты. 200 шаршы метр аумақта құрғақ шөп жанған. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бес қызметкері шығып, бір техника жіберілді.

Төртінші өрт Павлодар ауданындағы президент резиденциясының жанында тіркелді. Өрт құрғақ ағаштар мен шөптерді қамтып, жалпы ауданы 400 ш.м. құрады.

Оқиға орнына ТЖД-нің алты қызметкері, «102» қызметі шығып, бір техника қолданылды. Өрт сөндіруге МТЗ-80 тракторы бар ерікті өрт сөндіру құралымынан 5 адам қатысты.

ТЖД-да барлық жану ошақтары бақыланып, дер кезінде жойылатынын айтты.

Фото: ТЖД

 

 

 

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk