Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қытайдың халық газеті сайтындағы мәліметке сүйенсек, түсірілім 13 мамыр күні Шынжаңның Мори Қазақ автономиялы ауданында ресми басталған.

«Шопан рухы» деп аталатын бұл фильмде Құмар және Қадиша есімді малшы отбасының өмірі арқылы көшпелі мәдениеттің қазіргі көрінісі, таңғажайып дала табиғаты түсірілмек. «Қоғам экономикасының, мәдениетінің дамуымен бірге еліміздегі қазақ ұлтының да тұрмысы жақсарып, өркендеп келеді. Бүгінде қатынас құралдарының дамуына байланысты байырғы көшпелі өмірдің бейнесі өзгерді. Сондықтан біз фильмде қазақтың көшпелі мәдениетінің жарқын бейнесін жан-жақты суреттейміз. Фильм халықаралық деңгейде насихатталып, «Бір белдеу, бір жол» жобасы арқылы ежелгі Жібек жолы бойындағы елдерге көрсетілетін болады. Сол арқылы бүкіл әлем Шынжаңның әсем табиғатымен таныса алады.

Бұнда біздің ең үздік шығармашылық топ жұмыс жасайды», - дейді «Тянь-Шань» кино студиясының басшысы Гау Хауаңгаң.

pavlodarnews.kz