Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, қос жұп бағдарламасы және ерлер, әйелдер, аралас жұптар бойынша жарысқа еліміздің сегіз облысынан әртүрлі жастағы 140 спортшы қатысқан.

№ 41 дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы Аделина Закиева алты жастан бастап № 4 олимпиада резервіндегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне қатысады. Ол мектепте үздік оқиды және сабақты спортпен бірге алып жүреді. Бос уақытта сурет салғанды ұнатады.

Валерия Липина экологиялық бағыттағы № 36 ЖОМ-ның 8-сынып оқушысы, 13 жастан спорт акробатикасымен, үш жастан көркем гимнастикамен айналысады. Мектепте жақсы оқиды. Бос уақытында сурет салғанды ұнатады және бимен шұғылданады. Валерияның қоржынында бүгінде 31 медаль бар. Оның 24-і - алтын медаль. Қазір жас спортшылар 2017 жылдың маусымында біздің қалада өтетін халықаралық «Иртышские зори - 2017» турниріне дайындалуда. Оларды жаттықтыратын - Татьяна Коваленко.

pavlodarnews.kz