- Президентіміздің үндеуін тыңдағанда қамқорлықты, жылулықты сезіндік, - дейді Бақытжамал Максилова. - Халыққа арналған шаралардың бірі - әлеуметтік төлем, яғни, үш миллионнан астам азаматқа 42500 теңге берілетін болды. Бұл - халыққа өте үлкен көмек. Оған қоса, бұрын мүмкіндігі шектеулі жандарға топтарына байланысты көмек көрсетілсе, үндеуде барлық топтарға азық-түлік берілетіні айтылды. Бұл да бір игі істердің бірі деп санаймын.

 Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі зейнетақы және жәрдемақының өсіп жатқанын тілге тиек етті.

 - Сондай-ақ 1-ші сәуірден 1-ші шілдеге дейін сақтандырылмаған азаматтар да медициналық көмекті толығымен алатын болды, - дейді Бақытжамал Максилова. - Президентіміз төтенше жағдайда халықты қолдап отыр. Сондықтан бізде Үкіметтің тәртібін тыңдап, қолдау көрсетейік.

Айгүл Жүсіпова 

pavlodarnews.kz

Тэги: