- Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі халыққа мәлімдемесі дәрігерлерді қиын-қыстау кезеңде қанаттандырды, жігер берді, - дейді Серік Шайхин. – Мемлекет басшысы «Коронавирус – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын қауіпті дерт. Дегенмен, біз індетке шалдыққан адамдарға барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда. Дәл осы кезде халық мемлекетке қолдау көрсетуі керек. Бұл – аса маңызды. Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары», деп атап өтті.

Сондай-ақ, ақсулық дәрігер Президенттің пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүрген ақ халатты абзал жандарға қосымша қолдау көрсету жөнінде шешімін үлкен қуанышпен қарсы алғанын айтады.

- Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленетін болды, - дейді Серік Шайхин. – Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты. Сонымен қатар, ннфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялау зор мәнге ие шешім деп есептеймін.

pavlodarnews.kz

Тэги: Президент, Қасым-Жомарт Тоқаев, әлеуметтік мәселе