Демек, олардың қоржында кем дегенде қола жүлде бар. Біздің жігіттердің мұнымен тоқтап қалмасы анық. Спортшыларды Баку бәсекесіне бастап барған Павлодар облыстық бокс федерациясының атқарушы директоры Азамат Мақажановтың айтуынша, олардың көздегені – бас жүлде.

69 келіде бақ сынап жатқан Илья Очкин ширек финалда пәкістандық Аршад Хуссаинды айқын басымдықпен ұтты. Енді ол жартылай финалда әзірбайжандық Тамерлан Абдуллаевқа қарсы жекпе-жек өткізбек.

Ал Қуан Қуатов түркіменстандық Зуфар Сапарбаевты тізерлетті. Тіпті, қарсыласын нокдаунға да түсірді. Ол енді өзбекстандық Алиер Нұралиевтің тамырын басып көрмек.

Илья мен Қуаннан бөлек, отандастарымыз Сұлтан Зәуірбек (60 келі), Азат Махметов (52 келі) және Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) те жартылай финалға өтті.

Боксшыларымыз бүгін түсткен кейін және кешке жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізеді.

Фархат Әміренов

pavlodarnews.kz