- Жалпы аудан бойынша бетперде дайындау саны күн сайын өсуде, - дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Дана Балтабаева. - Бүгінгі күні тігілген бетперде саны 2200 данаға жетті. Ауданымызда бірқатар ауылдық округтердің жомарт жандары бетперде  тігіп, оларды тегін тарату жөніндегі жұмыстарды қолға алуда.  Қуантарлығы сол, абзал жандардың саны күн санап артуда.

Бүгінгі таңда «Біз біргеміз!» республикалық акциясын қолдаған Май ауданының әлеуметтік сала қызметкерлері мен жергілікті кәсіпкерлердің легін мәдениет саласының қызметкерлері толтырып отыр.

Айта кетейік, Май ауданында барлығы 10 мыңнан астам адам тұрады.

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk