Бұл туралы 24.kz жазды. Төрт жүк көлігінің ішінде ұн макарон, консервіленген ет, балық, кондитерлік өнімдерге дейін бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шарапаты мол шараға Қазақстаннан қоныс аударған азаматтар белсене атсалысқан. Енді азық-түліктер арнайы комиссия арқылы мұқтаж жандарға теңдей таратылады. Бұл түмендіктердің соңғы көмегі емес, олар тағы да қол ұшын созуды жоспарлап отыр.

Есенғали Ыбыраев, РФ Түмен облысы қазақтары ұлттық-мәдени автономиясының президенті: 

- «Нағыз дос қайғыда танылады» дейді халық даналығы. Көршілерімізді, бауырларымызды су басты дегенді естігенде, қарап отыра алмадық. Сондықтан қайырымдылық көмек көрсету іс - шарасын ұйымдастырдық. Бұл ортақ жағдай. Өйткені су бізді де басып жатыр.

pavlodarnews.kz