Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, тапсырылған суық қарудың ішінде тегіс ұңғылы қару саны - 164, иір ойықты мылтық - 28, травматикалық тапанша - екеу. Сондай-ақ 8000-нан аса иір ойықты мылтықтың оқ-дәрісі тапсырылған. Мәселен, Успен ауданының 63 жастағы тұрғыны полицияға 1963 жылғы 16 калибрлі «ИЖ-54» маркалы қос ауызды мылтығын әкелген. Бұл қару бойынша сараптама тағайындалып, тексеріс жүргізілуде. Тегіс ұңғылы қарудың құны - 47 000 теңге.

Качир ауданының тұрғыны полицияға тоған маңында қалың қамыс арасынан тауып алған 16 калибрлі, нөмірі жоқ бір ұңғылы аңшы мылтығын тапсырған. Бүгінде сараптама тағайындалып, тексеріс жүргізілуде.

Айта кетейік, ерікті түрде қару тапсырған азаматтарға мемлекет тарапынан 11 миллион теңге қаржы бөлінген. 2017 жылы 10 сәуірде республика аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылыс заттарын сатып алу бойынша акция басталған болатын. ІІБ-не тіркелмеген атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылыс заттарын ерікті түрде тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Қызығушылық тудырған барлық сұрақтар бойынша тұрғылықты мекенжайы бойынша ішкі істер органдарына, сондай-ақ 39-11-75 телефоны бойынша облыстық ішкі істер департаментіне жүгіне аласыздар.

 

 

pavlodarnews.kz