Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, өрт сағат 20.49-да тіркеліп, сағат 21.50-де толығымен сөндірілген. 

- Ертістің жағасында 9000 шаршы метр ашық аумақта қамыс жанған, - дейді Павлодар облысы ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Серік Ысқақов. – Оқиға орнына өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамнан алты адам жұмылдырылды.

Тілсіз жаудың орын алуына отты абайсыз қолдану себеп болған. Қазіргі таңда өрттің орын алуына себепкер болған адамның жеке тұлғасы анықталуда. Барлық ақпарат полицияға тапсырылған.

Еске сала кетейік, облыстағы палеонтологиялық ескерткішті 1928 жылы Ресей ғалымы Юрий Орлов ашқан. Былтыр «Жасыл ел» жасағының сарбаздары мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты палеонтологиялық жасағының студенттері мұнда абаттандыру жұмыстарын жүргізген.

Ақбота Сейсенбаева

Сурет пен видеоны куәгерлер ұсынды

pavlodarnews.kz