Бұл туралы облыс әкімдігінде "Жастар саясаты саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру" тақырыбында өткен аппаратық жиын барысында белгілі болды.

    - Биыл мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру аясында он ірі ауқымды жоба қолға алынды, - дейді облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Наталья Нефедова. – Павлодарда Workout алаңы ашылған. Соның арқасында республикалық федерация рұқсатымен біз республикалық Street Workout жарысын өткіземіз. 27-маусым күні мемлекеттік тілде «Ертіс толқыны» әзіл байқауы, тамыз айында Баянауыл ауданында «Хан қорық» халықаралық экологиялық жобасы өтеді. Жазғы уақытта Гагарин саябағында «Достық алаңы» атты этномәдени жоба мен түрлі музыкалық конкурстар және заманауи би сайыстары ұйымдастырылады. Мемлекеттік тапсырыс аясында орындалатын іс-шараларға жауапты басқарма мамандары бекітілді және есеп берудің талаптары жасалды.

Басқарма басшысы атап өткендей, 2017 жылы «Жасыл ел» жасағының республикалық тансфертінің арқасында мемлекеттік тапсырыстың құны 108 млн 200 мың теңгені құрады.

Жиын соңында облыс әкімі Болат Бақауов бірқатар тапсырмалар берді:
    -Барлық аудандар мен қала әкімдері және басқарма мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асатын шараларды қатаң бақылауға алу керек. Ал, конкурстық процедуралар 1-маусымға дейін аяқталсын, - деді аймақ басшысы.

Абзал Қабдраш
Суретті түсірген - Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz