Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы орман және ерекше қорғалатын табиғи аймақтар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әділ Исин мәлім етті.

- Өртті дер кезінде сөндірмегені үшін Трофимовка орманшысына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 367-бабы бойынша 30 АЕК, Железин орманшылығының шеберіне 45 АЕК көлемінде айыппұл салынды, - дейді Әділ Исин. – Бірінші жағдайда «Максим Горький» орман және жануарларды қорғау әлемі мекемесінің 56 гектар аумағында орын алған өрт салдарынан 615 мың теңге шығын келтірілген. Аталмыш факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілген. Нәтижесінде  мемлекеттік орман қорына өрттің Жаңа құрылыс ауылдық аймағынан өтуі  себеп болғаны анықталды. Ал, ол жерге өрт Ресей Федерациясы аймағынан келген. Екінші жағдай Малыбай ауылдық округінен келген өрттен «Ертіс орманы» резерватының орман алқабында 1030 гектар жанып, 283 мың теңге шығын келтірілген.

Спикердің айтуынша, Павлодар облысының аумағында орналасқан бес орман қорғау мекемесінде 14 станция мен 217 сарбаз, 41 өрт сөндіру машинасы, 46 күзет көлігі, тоғыз жүк көлігі және тағы басқа техника мен құралдар бар.

Мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы 480 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 346 мың гектар ("Ертіс орманы" МОТР - 278 мың га, Баянауыл ММ - 68 мың га), Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы - 128 мың га (Павлодарское ММ - 53,449 мың га, М.Горький ММ - 27,616 мың га, Үрлітөбе ММ – 46,453 га) ерекше бақылауға алынған.

Айта кетерлігі, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 367-бабына сәйкес өрт сөндіру қауіпсіздігі ережелерін бұзған жағдайда 10-50 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Ақбота Сейсенбаева

Сурет өңірлік коммуникациялар қызметінен алынды

pavlodarnews.kz