- Коронавирустан сақтану үшін өз басым үйде отырмын, - деді Мұхтар Әбенов. - Мемлекет басшысының, мамандардың айтқанын орындап, сақтық шараларын күшейтіп жатырмыз.

Ақсақал бір-бірімізге тілектес болған жөн екенін атап өтті.

- Осындай сәтте аудан халқымызға, жерлестеріме, бір-бірімізбен сыйластықта болайық дегім келеді. Бір-бірімізге тілектес болайық! Қазақ халқы бұрынғы нәубеттің барлығынан аман-есен өтті. Сол кездердегі бірлігімізді сақтасақ, жамандықтан аман-есен өтеміз. Әуелі Алла қолдасын, одан кейін халықтың бірлігінің арқасында кедергілерді жеңіп шығамыз! - деді Мұхтар Әбенов.

pavlodarnews.kz

Тэги: covidk